Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 24 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлаудағы дауыс берудің алдын ала қорытындыларын жариялады.
ОСК мәліметінше, Қазақстанда дауыс беру құқығына ие 12 623 289 азаматтың 9,35 миллионнан астамы сайлауға қатысқан. Сайлаушылардың белсенділігі 74,08 пайызды құрады.
Дауыс беру күні сайлау рәсімдерінің сақталуын 51 мыңнан астам ұлттық байқаушы қадағалады. Олардың қатарында кандидаттар мен саяси партиялардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің, сондай-ақ шетел мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бес пайыздық межеден бес партия өтті:
- «Әділет» — 71,17%;
- «Ауыл» — 6,26%;
- Respublica — 5,56%;
- «Ақ жол» — 5,21%;
- ЖСДП — 5,11%.
Қазақстан Халық партиясы 3,11 пайыз дауыс жинаса, «Байтақ» жасылдар партиясы 1,07 пайыз алды.
«Барлығына қарсымын» деген нұсқаны сайлаушылардың 2,51 пайызы қолдады.
