Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды.
Берлинде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франк-Вальтер Штайнмайермен және Германияның Федералдық канцлері Фридрих Мерцпен келіссөздері жоспарланған.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Мюнхен қаласына да барады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жетекші компаниялары мен қаржы институттарының басшыларымен, жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми мекемелердің жетекшілерімен кездеседі.
Қазақстан Президенті Берлинде өтетін бизнес-форумға және Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумға қатысады.
