Президент Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы мен орынбасарларын тағайындады

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның орынбасарлары болып Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды.

Тиісті шешім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының өкімімен қабылданды.

Осылайша, Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева жаңа консультативтік-кеңесші орган төрағасының орынбасарлары міндетін атқарады.

22 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 126 адамнан тұратын Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *