Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның орынбасарлары болып Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды.
Тиісті шешім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының өкімімен қабылданды.
Осылайша, Дмитрий Останькович пен Ләззат Шыңғысбаева жаңа консультативтік-кеңесші орган төрағасының орынбасарлары міндетін атқарады.
22 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 126 адамнан тұратын Қазақстан Халық Кеңесінің құрамын бекітті.
