25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

2026 жылғы 25 қыркүйекте Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Тиісті өкімге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 24 қыркүйекте қол қойды.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери-теңіз оқу-жаттығулары кезінде болды. Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты әскери қызметшілер теңізге түсіп кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *