Әскери техникаға арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына ескі қозғалтқыштар қойылған

фото: видеодан скриншот

Қаржылық мониторинг агенттігінің ШҚО бойынша аумақтық департаменті «Семей машина жасау зауыты» АҚ лауазымды тұлғаларының 1 миллиард теңгеден астам ұрланғанын анықтады, деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі Телеграм-каналында.

Ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын асыра бағалау және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдерін пайдаланылған танк қозғалтқыштарымен, сондай-ақ танк құлаққаптарымен қамтамасыз ету арқылы жасалған.

Тергеу барысында зауыт бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменов Қ.Р. танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына әдейі ол 1985 — 2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді ұйымдастырды. Семей қаласы сотының үкімімен Қ.Сулейменов кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *