Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс басталғаннан кейінгі алғашқы апталарда Қазақстанның электроника нарығындағы ойыншылар (дәл осы туралы айтар болсақ) осы кезеңмен және Қазақстандағы оқиғалармен сәйкес келген логистикалық шектеулерге, қаржылық тұрақсыздыққа байланысты өте қиын жағдайға тап болды.
Геосаяси оқиғалардың әуел басында желілер Еуропа, Беларусь және Ресей арқылы логистикалық тізбектердің бұзылу мәселесін болжады. Қазақстан экономикасы Ресеймен тығыз интеграцияланған, импорттың басым бөлігі ҚР аумағына Ресей порттары арқылы немесе Еуропа арқылы автожолдармен кірді. Санкцияларға орай көптеген жеткізушілер Ресей арқылы транзитті тоқтатты, сондықтан сауда желілері тауар алумен байланысты қиындықтарға жолығудан сескенді. Мәселен, осы жылдың наурыз айында біз теңіз, теміржол және автомобиль жолдары арқылы жеткізілетін кейбір техниканың жетіспеушілігіне ұшыраймыз деп күдіктендік.
«Қазіргі таңда логистикадағы жағдай күрделі күйінде қалып келеді. Бірақ нарық қазіргі ағымдағы шынайы жағдайға бейімделіп келеді. Тауарлардың 70-75%-ға дейінгі үлесі Қазақстандағы жеткізушілердің қоймаларынан алынады. Тауардың бір бөлігін біз DDP және CIP жеткізу шарттарында аламыз, яғни жеткізуші бізге тауарды қоймаға өзі жеткізеді. Егер көрші мемлекетке қатысты енгізілген санкциялар туралы айтатын болсақ, бұл біздің қоржынымызда маңызды шамада үлеске ие Қытайдан келетін жүктердің тарифтік құны мен транзиттік уақытына әсер еткен жоқ. Айта кету керек, ақпан және наурыз айларымен салыстырғанда, бұл бағыттағы тарифтер елеулі шамада төмендеді. Ресейден де тауарлар ешбір қиындықсыз жеткізіледі, біз бұл өнімдерге деген тапшылықты сезбейміз. Біз сондай-ақ Еуропадан «ескі» бағада тауар әкеліп үлгердік, күрт тапшылық жоқ. Еуропадан әкелінетін тауарларға тарифтер 30-дан 50%-ға дейін өсті, тарифтерге бағамның үлкен құбылмалылығы әсер етті, қазір жағдай біршама түзелді және мөлшерлемелер тұрақтанды. Сондай-ақ, қиындық Ресей және Беларусь нөмірлеріне ие көліктердің ЕО аумағына кіргізілмеуінен көрінеді, өйткені олар ЕЭК пен ЕО арасындағы жүк тасымалының негізгі көлемін жүзеге асырушы еді. Қазақстан бағытында қазақстандық және қырғыз нөмірлері бар машиналар фрахталады, бірақ бұл көліктер паркі қажеттілікті толық өтей алатындай дәрежеде үлкен емес. Алайда, жоғарыда айтып өткенімдей, логистикалық компаниялар бейімделіп келеді және автокөлік паркі ұлғая түсуде.
Жалпы алғанда, тауардың күрт тапшылығы сезілмейді, тауарды жеткізу бойынша барлық сұраныстарды жауып отырмыз. Ағымдағы геосаяси жағдай жеткізушілердің кез-келген бағыттан тауарлар жеткізуіне елеулі әсер ете қойған жоқ. Осындай техниканың арасында теледидарлар, тоңазытқыштар, плиталар мен тұмшапештер, кір жуғыш машиналар бар. Әрине, қазақстандықтар айфонсыз қалмайды. Ұсақ және қымбат жабдықтар бұрын да әуе қатынасы арқылы жеткізіліп келген, сондықтан мұнда ешнәрсе өзгере қойған жоқ» — деп атап өтеді Evrika компаниясының логистика жөніндегі директоры Владимир Татаринов.
