«Қазцинк» зауытында жарылыс болып, құрылымдар қирады

фото: Pexels: Matt Fitz Gibaud

5 мамыр күні таңертең Өскемен қаласындағы Казцинк кәсіпорнында жарылыс болып, артынша өрт шығып, өндірістік құрылымдардың бір бөлігі қирады.

Компания мәліметінше, оқиға түтінсорғышты тазалау кезінде болған — жұмыс барысында жарылысқа ұқсас дыбыс шығып, кейін өрт басталған.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде, оқиға орнында жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері анықталуда. Нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

Сонымен қатар қоршаған ортаға әсері бағалануда. Алдын ала мәлімет бойынша, шаңның жергілікті деңгейде таралуы тіркелгенімен, рұқсат етілген нормалардан асу және қауіпті заттардың бөлінуі байқалмаған.

Казцинк компаниясы қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Өндірістегі бұл оқиға адам шығынына әкеліп, еңбек қауіпсіздігі мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды. Тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *