Жас және көп балалы отбасылар қаржылық сауаттылықты арттыру курстарынан өтеді

THIETVU

Қазақстанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Қаржылық сауаттылық отбасында басталады» атты жоба бастау алды.

Жобаның мақсаты – жас және көп балалы отбасыларға кәсіпкерлік, көшбасшылық дағдыларды дамыту, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу жөніндегі курстарды ұйымдастыру және өткізу.

«Жоба аясында біз тұрғындарға бизнес-жоспарларды әзірлеуге, жеңілдігі бар несиені алуға өтінімдерді ресімдеуге, бизнесті ашуға көмек көрсететін боламыз. Бұл жұмысқа «Атамекен» ҰКП сарапшылары тарталатын болады.  Сондай-ақ, біз арнайы бейнесабақтарды дайындаймыз. Олар Instagram-да және Telegram арнасында жарияланады. Барлық посттарда біз міндетті түрде кеңес алуға арналған байланыс нөмірлерін көрсететін боламыз», — деді әлеуметтік жобаның өкілі Елена Огаркова.

Оқытудың негізгі міндеттерінің бірі – қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған  семинарлар қатары мен практикалық сабақтарды өткізу.

Сондай-ақ, қоғам белсенділері «Отбасы қиын қаржылық жағдайда», «Несиелер мен шағын несиелер», «Ипотекалық несиелеу: артықшылықтар мен шектеулер», «Болашаққа Инвестици» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізбек.

Жоба туралы толық ақпаратты жобаны ұйымдастырушы – «Жастар салауатты өмір салты үшін» ЖҚБ-ның Instagram-дағы @molodezh_za_zoj, Facebook-тегі: @molodezhzazoj парақшалары арқылы білуге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *