фото: ҚР АҚДМ Баспасөз қызметі
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың «Сорос-Қазақстан» Қорының Басқарма Төрайымы Аида Айдарқұловамен; және де Ватиканның Қазақстандағы Апостолдық Нунцийі, Архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликаттпен кездесулері болып өтті.
Жүздесу барысында екі тарап арасындағы өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту және нығайту перспективалары талқыланды.
Осылайша, «Сорос-Қазақстан» Қорының Төрағасы Аида Айдарқұловамен кездесуде: Заң жобалау жұмыстарын бірлесіп атқару мақсатында түрлі мамандар мен сарапшыларды тарту; және де жастар
саясаты мен медиа салаларында бірлескен жобаларды жүргізу мүмкіндігін зерделеу бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ, ведомство қызметімен таныстыра отырып, Министр Асқар Қуанышұлы, Нунциймен кездесу барысында: Қасиетті Тақ басшысы, Рим Папасы Францисктің қатысуы жоспарланған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне; сонымен қатар, Орталық Азиядағы католик
епископтарының конференциясына дайындық мәселелерін талқылады.
Айта кететін жайт, Қазақстан Қасиетті Тақ басшысы екі мәрте келген Орталық Азиядағы алғашқы ел болады.
