Зеленский: Халықаралық қылмыстық сот Каховкадағы апатты тексеріп жатыр

Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот өкілдері Каховка су электр станциясындағы бөгеттің бұзылуын тексере бастады. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский кешкілік үндеуінде хабарлады. Апаттан Украинаның оңтүстігіндегі ондаған елдімекенді су басқан.

«Жақында Херсонда халықаралық қылмыстық сот өкілдері аралады. Апаттың алғашқы күні бас прокурор халықаралық соттан апатты зерттеуін сұраған. Жұмыс басталып кетті. Сот өкілдері ресейлік террактінің зардаптарын көрді, реселік террор әлі жалғасып жатқанына көз жеткізді. Су басқан аймақтарда оқ ату тыйылмай тұр» дейді украин президенті.

Зеленский халықаралық қылмыстық сотқа көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Каховка су электр станциясының бөгеті 6 маусымға қараған түні құлады. Ол Днепр өзенінің бойынша, Херсонның жоғары жағындағы Жаңа Каховка қыстағында орналасқан.

Украина, ЕО және Ұлыбритания апатқа Ресей жауапты деп есептейді. Киевтің пікірінше, Кремль Украина қарулы күштерінің қарымта шабуылын тоқтату мақсатында «бөгетті жарып жіберген». Ресей айыптауды жоққа шығарып, Украинаның өзіне айып таққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *