Санжар Боқаев цифрлық партия құрмақ

Бүгін саясаттанушы Санжар Боқаев баспасөз конференциясын өткізіп, «Namys»цифрлық саяси партиясын құру жоспарлары туралы жариялады. Ол жастарды негізгі қозғаушы күш ретінде көреді, ал мақсаты ел басшылығында әдепті және адал адамдар болатын әділдікке негізделген мүлдем жаңа Қазақстан. Оның айтуынша, қазіргі партиялар халықтың мүдделерін көрсетпейді, өйткені олар билікке немесе олигархтарға тікелей байланысты.

https://www.facebook.com/sanzhar.bokayev парақшасынан скриншот

Соңғы жылдары Санжар Боқаев билік өкілдеріне, қазақстандық автоөндірушілерге сын айтумен, сондай-ақ кәдеге жарату алымына қарсы шығумен танымал. Бұған дейін, 2012-2015 жылдары Алматы қаласы әкімдігінің екі басқармасының басшысы, 2015-2017 жылдары «Нұр Отан»ХДП Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *