Мәскеу қалалық Думасының коммунистік партиясынан сайланған депутаты Қазақстан, Польша, Балтық жағалауы елдері мен Молдованы денацификация және демилитаризация аймағына қосуды ұсынды.
Кирилл Гончаров, «Яблоко» партиясының мүшесі, мәскеулік «Яблоко» төрағасының орынбасары, «Яблоко» федералды бюросының мүшесі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мәскеу қалалық думасының депутаты Савостьяновтың қолы қойылған құжатты жариялады, онда ол «денацификация» және «демилитаризация» аймағына Балтық жағалауы елдері, Польша, Молдова және Қазақстанды қосуға ұсынды.
Мен, депутат, біздің Отанымыздың азаматы және патриоты ретінде әскери арнайы операцияны өткізуге қатысты алаңдаушылығыңызды бөлісемін және жағдайдың күрделілігін түсінемін, алайда қазір барлық күш-жігерімізді күшті, біртұтас және көпұлтты елімізді жандандыруға бағыттау қажет, және көптеген жылдар бойы Ресейге қарсы саясаттан зардап шеккен Украинада тұратын орыс тілді азаматтар мен Украинада тұратын Ресей Федерациясының азаматтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет деп санаймын. Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау Ресей, Украина және бүкіл Еуропа халықтарына тұрақты қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал РФ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым толық процесі үшін Украинадан басқа, денацификация және демилитаризация аймағына Балтық жағалауы елдерін, Польшаны, Молдованы және Қазақстанды қосу орынды деп санаймын.
— 2022 жылғы 24 наурыздағы хатта жазылған.
