Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото: Kozachkov offside Телеграм каналы

Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) пресс-орталығы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қ. Сатыбалдыұлының мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалды-Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ағасы Сатыбалды Назарбаевтың Ұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *