Фото: Engin Akyurt / pexels.com
2023 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан БАҚ-да және ақпараттық агенттіктер мен жаңалықтар сайттарының (telegram-арналар, Instagram-пабликтер) ресми аккаунттарында – «Ресейлік жылдам тамақтану кәсіпорындарының желісі Қазақстанда «Дәмді — және нүкте» тауар таңбасын тіркеуге өтінім бергені» туралы жаңалық кеңінен тарады. Бұл туралы бірқатар ақпараттық агенттіктерге Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары департаментінде хабарлады.
Осыған байланысты біз БАҚ өкілдерінің назарына «Food Solutions KZ» ЖШС компаниясының Қазақстанда тауар таңбасын тіркеуге арналған «Система ПБО» ЖШҚ өтініміне ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлағымыз келеді. Сәйкесінше, сіздерден осы жағдайға қатысты сауалдарды өтініш берушіге жолдауыңызды сұраймыз.
Қазіргі уақытта компанияның басты міндеті Қазақстандағы мейрамханалар желісінің жұмысын қалпына келтіру болып табылады. Біз осы ауысым жүзеге асқаннан кейін, компанияның өз жұмысын жалғастыруына байланысты барлық сұрақтарға жауап береміз.
Компания қызметкерлерге жалақы төлеуді, сапа мен стандарттар деңгейін сақтауды, сондай-ақ жоғары сапалы өнімдерді, әртүрлі мәзір және қонақжай қызметті ұсынуды жалғастырады. Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады.
Біз көптеген қауесеттер мен болжамдарға қарамастан, біздің компанияға қатысты оқиғаларды жариялау кезінде ақпараттың бейтараптығы мен нақтылығы сақтағаны үшін қазақстандық БАҚ-на алғысымызды білдіреміз.
«Food Solutions KZ» ЖШС баспасөз-қызметі
