Некені тіркеу бөлігінде заңнаманы жетілдіру

Фото: Jeremy Wong: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/1043902/

Некені тіркеу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен реттеледі және оны жергілікті атқарушы орган (АХАТ органдары) жүзеге асырады.

Соңғы 10 жылда тіркелген некелер санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Ерлер  үшін некеге тұрғандардың орташа жасы – 26-29 жасты, әйелдер үшін – 23-28 жас.

2018 жылы 138 876, 2019 жылы — 139 735, 2020 жылы – 129 165, 2021 жылы — 140 762 неке қиылды.

2020 жылғы неке қию статистикасы көрсеткендей, пандемия өз үлесін қосты, неке қиюға тілек білдіргендер аз болды.

Шын мәнінде, бірінші рет үйленетін және балалары жоқ жастар үшін құжаттардан тек жеке куәлік пен мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.

Некені тіркеуге өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы да, АХАТ бөлімдері арқылы да беруге болады.

Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес некеге тұру туралы өтініш некені мемлекеттік тіркегенге дейін бір ай бұрын беріледі.

Неке қиюды тіркеу мерзімін бір күнге дейін қысқарту мүмкіндігі бар. Яғни, тиісті құжаттармен расталған (медициналық мекемелерден, оқу орнынан, жұмыс орындарынан тиісті анықтама) дәлелді себептер (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде неке қиюға өтініш берген күні тіркеуге болады.

Көптеген ерлі-зайыптылар тіркеу органдарына (АХАТ органдары) жүгінген кезде алдын ала күндерін тағайындайды, мейрамханаларды брондайды және ерлі-зайыптылардан тек қана өтініш беру керектігін атап өту керек.

Ерлі-зайыптылар үшін бір айлық мерзім ұзақ мерзім болып табылады және осы мерзімді қысқарту үшін қосымша құжаттарды тапсыру қажет.

Осыған байланысты, бүгінгі күні түрлі өмірлік мән-жайларға сәйкес, мерзімді қысқарту мүмкіндігін сақтай отырып, неке қиюды тіркеу үшін бір айлық мерзімді 15 күнтізбелік күнге дейін қысқарту мәселесі қарастырылуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *