KAZ Minerals тобы алаяқтар туралы ескертеді

KAZ Minerals Тобы алаяқтар компания атауын пайдаланып, азаматтардың жеке деректері мен қаржысын алуға тырысқан жағдайлардың жиілеп кеткені туралы хабарлайды. Әлеуметтік желілерде асқан белсенділік байқалып отыр, онда түрлі посттар таратылып, жалған жарнамасы бар сілтемелер жарияланады.

«Соңғы уақытта алаяқтар қаржы институттарымен шектелмей, халықты алдау мақсатында экономиканың басқа секторларындағы табысты брендтерді, оның ішінде KAZ Minerals-ты, «пайдаланып» жүр, — деп атап өтті KAZ Minerals Тобы корпоративтік байланыстар департаментінің басшысы Мақсұт Жапабаев. – Біздің ресми мәлімдемеміз — Компания азаматтарға арналған инвестициялық бағдарламаларды жүргізбейді. Жақында ол биржадан кетіп, жеке меншік компанияға айналды және енді оның еркін айналымдағы акциялары жоқ. Қазақстандықтарды қырағылық сақтауға, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын ұстануға, өзінің жеке деректерін ешкімге хабарламауға, күмәнді ақпаратты компанияның ресми ресурстары арқылы тексеруге шақырамыз. Ал ең бастысы – таныс-туыстарыңызға «қыруар қаржы әкелетін» қадамдарға бармау туралы ескертіңіз».

Жалған парақшалар мен посттардың кейбір мысалдары компанияның Instagram-дағы ресми парақшасынан көруге болады (https://www.instagram.com/kazminerals_official/ ). 

Топ тиісті материалдарды әлеуметтік желілердегі және жеке ақпараттық ресурстардағы ресми аккаунттарында жариялады, сондай-ақ, ІІМ мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін қоса алғанда, тиісті ведомстволарға өтініштер жолдады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуға болады:

KAZ Minerals  
Максұт ЖапабаевКорпоративтік байланыстар департаментінің басшысы, АлматыТел: +7 727 244 03 53

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

КAZ Minerals Limited(бұдан әрі – KAZ Minerals немесе Топ) – Қазақстанда заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін ШҚО орналасқан Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерде, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен кен байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.

Топ 2019 жылы сатып алынған Баимская мыс жобасының Банктік техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтады. Ресейдегі Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орнының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, кендегі мөлшері 0,39% болатын 9,9 млн тонна мыс және 16,6 млн унция алтынды құрайды.

2021 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 299 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 43 мың тонна концентраттағы мырыш, 167 мың унция алтын мен 3,417 млн. унция күміс өндірілді.

Топтың жаңа өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы алдыңғы қатарлы даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыратын Ақтоғайды кеңейту жобасы 2021 жылдың қазан айында жұмысын бастады және 2021 жылдың соңында тұтынушыларға алғашқы өнім жеткізіледі деп жоспарланған.

KAZ Minerals-та Қазақстанда, Ресейде және Қырғызстанда шамамен 14 000 адам жұмыс істейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *