Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының онлайн презентациясы өтті. Жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.Жоспарға сәйкес ауылдық бастамалар саласындағы заманауи жобалар өмір сүру сапасын арттыруға және жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталмақ.Жобаны іске асыру барысында ауылдық жерлердегі бастамашыл топтардың қаржылық және заңдық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді деп күтілуде.«Биыл біздің жоба аясында ауылдық жерлердегі бастамаларды дамытуға 50 шағын грант бөлінеді. Әрбір гранттың мөлшері 500 мың теңгені құрайды. Алайда қазіргі таңда ауыл көшбасшыларының өз бастамаларын іске асыруына мүмкіндік беретін дағдылары, құзыреті деңгейінің төмендігіне қатысты бірқатар мәселе бар. Сондай-ақ, олардың жобаны әлеуметтік жобалауда, бюджеттік өтінім жасауда, жобаны сапалы іске асыруда тәжірибесі жоқ. Сондықтан жобаның басынан бастап біз әлеуетті грант алушылар үшін оқыту семинарларын, кеңес беру іс-шараларын ұйымдастырамыз. Шағын гранттарды іске асыру барысында, сондай – ақ, конкурсты жариялау кезінде ауылдық жерлерде 200-ден астам тұрғынға, ҮЕҰ өкілдеріне кеңес береміз деп болжап отырмыз, — деп атап өтті «Жастар СӨС үшін» ЖҚБ төрағасы Лидия Грабарь.Ол сондай-ақ, жергілікті қоғамдастықтардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыру барысында мониторингтік іс-шаралардың жүргізілетінін атап өтті.Жоба аясында ауылдарда кемінде 20 тұрақты жұмыс орны ұйымдастырылады деп жоспарланған.«Ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасын іске асыру 2022 жылдың соңына дейін жалғасатын болады.
Related Posts
Қорғаныс министрінің орынбасары бірқатар гарнизондағы әскери инфрақұрылымның жай-күйін тексерді
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Алмаз Жұмакеев жұмыс сапарымен Жетісу, Үштөбе, Сарыөзек, Қонаев және Гвардейск гарнизондарына барып, әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйімен…
Жапонияда өтіп жатқан XX Азия ойындарына 32 армиялық спортшы қатысады
Бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы «Paloma Mizuho» стадионында «Біртұтас Азияны елестет» ұранымен өтетін XX Азия ойындарының ашылу салтанаты болады. Қазақстан Республикасы…
Су астында және құрлықта: Астанада маржандар мен сирек кездесетін жануарлар туралы фотокөрме ашылды
Астана, Қазақстан, 2026 жылғы 23 қыркүйек – Бүгін Астанада Қазақстан мен әлемдегі биоәртүрлілікке арналған «көрінбейтін әлем: су астындағы қала» фотокөрмесі…
