Фото: Дмитрий Духанин, Коммерсантъ
«Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынды. Мәсімовтың кінәсі дәлелденсе қылмыстық кодексте 17 жылға бас бостандығынан айыру қарастырылған. Тергеу әлі жүргізілуде»,
деді Бас Прокурор Мәжілістегі Үкімет сағатында депутаттың сұрағына жауап ретінде.
Асыловтың мәліметінше, Мәсімовке және оның бұрынғы орынбасарларына қатысты мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алу және аса ірі мөлшерде пара алу бойынша қылмыстық істер тергелуде. Оларды ҰҚК «өте құпия»деген белгімен тергеуде.
Естеріңізге сала кетейік, 8 қаңтарда ҚР ҰҚК бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің мемлекеттік опасыздық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. Сондай – ақ, Мәсімов орынбасарлары-Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин және Марат Осиповтың ұсталғаны туралы хабарланды.
Бұған дейін прокуратура елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың ҚР ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовтың LRT туралы жанжалды істі тергеуге кедергі келтіргені туралы мәлімдемесіне түсініктеме берген болатын.
