Болат Әбілов саяси партия құруды жоспарлап отыр

Белгілі қазақстандық бизнесмен және қоғам қайраткері Болат Әбілов саяси партия құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

— Менің саяси партия құру туралы жоспарым бар. Мен бүгінде оппозициялық күштер бар екенін көріп тұрмын. Өздерінің күн тәртібін оппозиция ретінде – билікке қарсы қалыптастыратын адамдар бар. Мен оларды құрметтеймін, қолдаймын, бұл олардың таңдауы. Сіз күресуді жалғастыратыныңызға сізге құрмет. Мен әрқашан эволюциялық процесті қолдаймын. Мен ешқашан ешкімді «құртып», біреуден бірдеңе тартып алу керек, бөлу керек демедім. Жоқ. Бірақ сыбайлас жемқорлық схемалары бойынша ұрланған байлықтарды, «өтірік» жекешелендіру нәтижесінде ұрланған байлықтарды. бәрін Қазақстан халқына қайтару керек. Содан кейін-жаңа ережелерді қалыптастыру керек. Неліктен бірнеше топ адамдар кәсіпорындардан, банктерден үстем табыс алуы тиіс, ал қалған қазақстандықтар – барлығы 19 миллион адам – осыны сырттан бақылауы тиіс? Сондықтан жаңа адамдар, жаңа көзқарас қажет. Сіз, үкімет барлық қиындықты еңсере алады деп ойлайсыщ ба? Қаңтар оқиғаларынан екі ай өтті. Сіз бір нәрсенің өзгергенін, қандай да бір нақты қадамдарды, республика азаматтарының әлеуметтік-экономикалық өмірінің жақсарғанын көресіз бе? Тек нашарлады бәрі.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Болат Әбілов бірнеше жылға белсенді саяси қызметтен кетіп, бұрыннан ойластырылған шығармашылық жоспарларды іске асырумен айналысатынын мәлімдеген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *