фото: AFP
Ресей Қорғаныс министрлігі Жеңіс күні қарсаңында 8 және 9 мамыр күндері бітім жарияланатынын хабарлады. Ведомство Украина да осы бастаманы қолдайды деп үміттенетінін айтты.
Сонымен бірге Ресей тарапы мерекелік шараларды бұзу әрекеттері жасалса, Киев нысандарына соққы берілуі мүмкін екенін ескертті.
Украина Президенті Владимир Зеленский 6 мамыр түнінен бастап «тыныштық режимін» енгізетінін мәлімдеді. Ол Киев Ресейдің әрекеттеріне «айнадай жауап» беретінін айтты.
Зеленский Украина 9 мамырға қатысты ресми ұсыныстар алмағанын атап өтті.
«Адам өмірі кез келген мерекеден маңызды», — деді ол.
