Талдықорғанда генерал Серік Күдебаевқа үкім шығарылды

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевқа үкім шығарылды. Жетісу облысы сотының мәліметінше, генерал Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды, ол орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді.

Қадағалау департаментінде анықталғандай, Алматы облысының ПД бұрынғы басшысы «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген күдікке ілінді.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

фото: Kindel Media

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *